Тәрбиелік іс-шаралар

Рассмотренных обращений: 4
Не рассмотренных обращений: 0

Ауданық сайыс
Автор: Жахина З.Ж.

Тәрбие сағаты

 

Тәрбие сағаты


Тақырыбы: Елін сүйген,ел сүйген Елбасы

Мақсаты:а).Елбасының өмірін,еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып,елжандылыққа,отансүйгіштікке,азаматтыққа баулу.

ә).Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.
б).Елімізге еңсе тіктетіп,мемілекетімізді мығымдап берген,халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
в).Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, слайд, әнұран, «Астана» фотомонтажы
Түрі: тәрбие сағаты

Әнұран
-Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкінг емес еді.
Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
I бастаушы:

Ақылым өсіп,азмат болып еңселі,

Адам да болам,артатын маған ел сенім.

Үлгісі болған намысы ұлдың-елбасым,

Өзіңнен алам ұлылықтың нағыз өлшемін.

Талай елге танытып қазағыңды,

Өркениет өлкесіне өріс алдың.

Мойындатып туымды байтақ елге,

Тәуелсіздік төріне сен апардың.

Ата деп сені ардақ тұтады ұрпағың,

Тарихтан тартым бабалар жолын жалғадың.

 Ерлік пен елдік мұратын ту ғып төбеңе,

Болашақ қамын,халқыңның қамын жырладың.

Еліммен бірге,есейіп өсіп толамын,

Ақылынтыңдап,үлкеннің тілін аламын.

Елінің қамын ойлаймын деген елбасы,

Қазақтың ұлы Назарбаевтай боламын!

 

Гүлназ
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
2 бастаушы:

Әлихан
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.
Ән: «Елім менің»
Сөзжұмбақ: «Тәуелсіздік»
1.Мемлекетіміздің аты?
2.Елбасының әкесінің аты?
Аягөз

Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

Мұғалім:
Мемлекеттің жарқырар күні алыс емес.
Әділет:

Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Аяжан:

Нұрсұлтанды тудырған, заманалар
Желтоқсан жел. Ұл мен қыз
Ажал құшқан сондағы
Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы
Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.
Ақтиын:

Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы
Дара шыңы қазақтың
Дана басып тудың халық – алыптан
Топырағы ол туған жердің киелі

Саян:
1. Президенттің атын кім қойған?

 

Аружан:

1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».

Н.Ә.Назарбаевтың өмір және еңбек жолын  атап өту:

Гүлназ:

196069 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

196973 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

Әділет:

197377 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

197779 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

197984 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

Алихан:

198489 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

198991 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,

1990 ж. ақпансәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

Әділхан

1990 ж. сәуіріненҚазақ КСР президенті.

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

 

Аяжан:

1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[1]

 

Нұрәлі
- Қазақстанда көптеген Нұрсұлтан атты азамат өсіп келеді. Осы туралы не дер едіңіздер?
Аружан: Абзал азаматтарға балдырған аттастарыңызға тілектеріңіз?
Тақтадағы,стендтегі материалдармен жұмыс
Қолмен жазылған хаттар
-Елбасының басқа ел басшыларымен түскен суреттері
Тілші: Елбасының кітап-журналдар оқуға уақыты бар ма екен?

Әділ:

Тұратұғын болашақтың үні кеп
Т артылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндиік, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп


Саян:

Әнге толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар

Әділхан: Осы орайда өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен атап айтуға болады. «Ел - Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан». Бұл – бүгінгінің шындығы. Н.Назарбаев десе – Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады.

Сонымен қатар, «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!



 «Астанаға саяхат». Көрме материалдарымен жұмыс

Аягөз - Нүрия, Астанадан қангдай әсер алдың?
Кәдесыйлықтар
Гүлназ:
Ошақтың аяғы үшеуі болғанымен ұлт біреу
Ұлт тағдырын ойлауымыз керек
Ұлттық теңгеміз өз бабында
Сағындық:
Осы бағытпен өркендей берсе жағдаймыз бұдан да жақсаратынымызға күмән жоқ.
Нұр аға – қазақ халқының маңдайына біткен бақ. Өз бағымызда бастан теппейік ағайын

Хор: Қазақстан - Ақ Ордасының іші халқына құт болсын, ынтымақ, бейбітшілік ордасына айналсын.

Қорытынды: Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген:

   «Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа,  Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда».  Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген:

 Көрме материалдарымен жұмыс

Нұраға! Далаңыз егісті, Ордаңыз кеңесті болсын. Отырған орныңыз келісті болсын. Жұмысыңыз жемісті болсын. Халықтың бағы баянды болсын.

Хор: «Елім менің
»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Просмотров: 5073
Дата создания: 26.11.2012
Дата редактирования: 26.11.2012

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource